Видеодан алынған кадр
Брифинг барысында іске қатысты видеоматериалдар көрсетілді. Самат Айсов жазбаға қатысты түсініктеме беріп, жанжал бір банка сыраға бола басталмағанын алға тартты.
«Күдікті екі бөтелке сыра сатып алған, ақшасын аударым арқылы төлеген. Ары қарай ол барып үшінші бөтелке сыра, темекі алаған, ақшасын төлеген. Қалтасына назар аударсаңыз, қолма-қол төледі. Демек, бұл жанжал бір банка сыраға бола туындағаны объективті түрде видеомен расталмайды», деді Самат Айсов.
Спикер полиция өкілдері бұл видео арқылы ешкімді ақтап алғысы келмейтінін айта кетті.
«Бұл күдіктілерді ақтау емес, олар ұсталды, аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды. Соттың санкциясы арқылы қамауға алынды. Видеоға монтаж жасалмаған. Бұған қоса, бірден тиісті сараптама тағайындадық», деді ІІМ өкілі.