Фото: Қармақшы таңы
Шал ақын ауданының прокуратурасы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қадағалау актісімен алимент төлемдері бойынша 8,4 млн теңге және мемлекет кірісіне 2,3 млн теңге берешекті өндірді.
Анықталғандай, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 669-бабына сәйкес 3 қасақана борышкер 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынған.
Сонымен қатар, 2 борышкер Қылмыстық кодексінің 139,430-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
«Кәмелетке толмаған баланы асырау бойынша алименттік міндеттемелерін 7 айдан астам орындамау салдарынан 2,6 млн теңге қарызы бар борышкер «С»-ға Шал ақын аудандық сотының 06.05.2024 ж. үкімімен ҚК-нің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.
Басқа жағдайда, заңды күшіне енген сот шешімін 6 айдан астам орындамағаны үшін борышкер «A» ҚК-нің 430-бабы бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Аудан прокуратурасы балаларының алименттерін, мемлекет алдындағы берешектерін дер кезінде төлеу керек екенін еске салды.