Қоғам • Кеше

Илон Масктың анасы Алматыдағы Ықылас музейінде болды

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал кәсіпкер, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейін аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Илон Масктың анасы Алматыдағы Ықылас музейінде болды

Фото: kazmuseum.kz

Мэй Маск ханымға музей қызметкерлері экскурсия жүргізіп, 50-ден астам ұлттың музыкалық аспабын таныстырды.

Экскурсия кезінде «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы қонақтарға өнер көрсетті.

Мэй Маск ханым Алматы қаласы музейлер бірлестігі директоры Ләззат Сағындықоваға алғыс білдіріп, музейдің жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығына ие болған музейлердің бірі. Музей 1981 жылы құрылған. Қорында 1 мыңнан астам музыкалық аспап бар.

Белгілі болғандай, Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматыда өтетін «Be Woman» форумына қатысу үшін Қазақстанға келді.