Руханият • Кеше

Халықаралық конференция: «Рухани келісім: бастауы, ахуалы, болашағы»

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рухани келісім күніне орай Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында «Рухани келісім: бастауы, ахуалы, болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық конференция: «Рухани келісім: бастауы, ахуалы, болашағы»

Фото: Артем Чурсинов

Іс-шараға Ұлыбританиядағы Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Джо Бэйли Уэллс, Исламабад ислам университетінің Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Мұхаммед Зия-ул-Хақ, Үндістандағы «Сомайя Видьявихар» институтының конфессияаралық қарым-қатынас және өзара түсіністік бағдаламасының хатшысы Рудракша Сакрикар,  Дүниежүзілік буддистер қауымдастығының өкілі, доктор Арифин Яма, сонымен қатар еліміздегі мемлекеттік органдар мен діни бірлестік өкілдері қатысты.

Конференция аясында ынтымақтастық пен рухани келісімді нығайту, қазіргі алмағайып заманда түрлі этностық топтар мен конфессия өкілдері арасында толеранттылық қағидаттарын ілгерілетіп, тұрақтылық һәм адами құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды.

Н.Назарбаев орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Д.Есенова:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің басты байлығымыз – береке мен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісім» деді. Қазақстан жаһандық өзгерістер мен қайшылықтардың қиын кезеңдерінде рухани келісім идеясын қуатты күшке айналдыра білген әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі» деп атап өтті.

Ал Джо Бейли Уэллс: «Біздің әлемге рухани үйлесімділік пен түрлі көзқарас иелерінің біріге жұмыстану мүмкіндігі керек. Әлем «оркестрінің» мүшелері бар және олар түрлі дыбыс шығаратын аспаптар тартады. Құдай аспан мен жерді жаратқанда, осы үйлесім үшін жаратқан».