Фото: bilim.expert
Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанға шетелдік оқу орындарын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 23 жоғары оқу орнының филиалдары өз жұмыстарын бастаған. Ол сондай-ақ серіктестіктің үш негізгі мақсаты бар екенін атап өтті.
«Біріншісі – халықаралық стандартқа сай оқу бағдарламасын игерген, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті кадрларды даярлау. Екіншісі – білім беру бағдарламалары мен оқыту технологияларының озық үлгілерін беру. Үшіншіден, ғылым мен инновацияны дамыту. Бірлесіп нәтижелі жұмыс жасап, алға қойған мақсаттарымызға бірге жетеміз деп ойлаймын», деді Тамара Дүйсенова.
Еске сала кетейік, Астана төрінде 60 елден 300 халықаралық сарапшының қатысуымен ғылым, білім, инновация, цифрландыру және экология мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтіп жатыр.