Оқиға • 18 Қазан, 2024

Саран шахтасында үш кенші жарақат алды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Саран шахтасында үш кенші жарақат алып, ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Саран шахтасында үш кенші жарақат алды

Фото: instagram.com/saranskaia_official

Облыс дәрігерлері жарақат алған бір кеншінің жағдайы ауыр екенін атап өтті. Қалған екі кенші медициналық тексеруден кейін үйлеріне жіберілген. 

«Екеуі үй жағдайында ем қабылдаса, тағы біреуі стационарда, жағдайы ауыр, қажетті медициналық көмекті алып жатыр», делінген Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.