Оқиға • 18 Қазан, 2024

Қарағандыда «әділет капитаны» сотталушыны азаптаған

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамға қатысты азаптау іс-әрекеттерін жасаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда «әділет капитаны» сотталушыны азаптаған

Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

Нәтижесінде, қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынған.

Сонымен қатар ол «әділет капитаны» арнайы атағынан айырылып, жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді.

«Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс прокуратурасы ҚАЖД қызметкерлері үшін сот процесін тікелей эфирде көрсетуді ұйымдастырды», делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізген.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35