Фото: Polisia.kz
Қалалық полиция департаменті бүгін сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция бөліміне подъездің жанында бойжеткен қыздың мәйіті жатқаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.
«Полиция келгеннен кейін 22 жастағы марқұмның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз биіктіктен құлаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.