Өнер • 18 Қазан, 2024

Сән әлемінің салтанаты

102 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Осы күз Астананың әсем жұртшылығы үшін ерекше сән апталығымен есте қалды. Санкт-Петербургтен келген белгілі дизайнерлер тобы елордалық сән үйірмелерінде мәдени басқосулар өткізіп, еліміздің сән өндірісіндегі тың жобалармен танысты.

Сән әлемінің салтанаты

«Солтүстік Пальмирадан» арнайы келген сән экспресі елорда тұрғындарын Санкт-Петербургтің сапалы брендте­рімен таныстырып, заманауи сән әлеміндегі өзекті үрдістер­ді талқылады. Сондай-ақ іс­кер­лік байланыстар орнатып, жаңа серіктестер табу мақ­сатында кездесулер де өткізді.

Айта кетейік, аталған сән сапарын «Санкт-Петербург экспортты қолдау орталығы» АНО ұйымдастырып отыр. Сапар аясында қатысушылар­ға «Fashion.Export»  білім бағ­дар­ла­масының бір бөлігіне айналған бірқатар іс-шара ұсыныл­ды. Бұл бағдарлама талантты ди­зайнерлерді қол­дауға, оларға халық­ара­лық на­рыққа шығуға мүм­кіндік беруге бағытталған.

Елордалық сәнгерлерді ре­сейлік дизайнерлердің прет-а-порте коллекцияларының жабық көрсетіліміне қатысып, ой бөлісу, шеберлік алмасу сынды шығармашылық байланыстар шабыттандыра түскені анық. Әлеуетті серіктестер мен шығармашылық ортаның өкілдері сән индустриясында­ғы халықаралық ынтымақ­тас­тықтың шекарасын кеңейтіп, келіссөздер жүргізді.

пр

«Bibisara» сән үйінде өт­кен ресейлік өндірушілер киім­дерінің жабық көрсетілімі де сәтті жобаларға ұласты. Жабық көрсетілімге Санкт-Петербург брендтерінің өкілдері де қа­тысты. Әр дизайнердің өз қол­таңбасы, өз стилі бірден көзге ұрады. Бренд иелерінің айтуынша, сапа – кез келген өнімнің басты кілті. Сол сапа мен үйлесім, сұлулық сай келгенде ұсынылған өнім жоғары бағаланады.

«Catarina Nova» әйелдер киімінің негізін қалаушы Татьяна Семенова өз өнімде­рін таныстыра келе, басты мақсат – киімнің көмегімен әр әйелдің өзіне және айналасын­дағыларға көңіл күй сыйлау мүмкіндігі бар екенін дәлелдеу дейді.

«Біздің ассортиментте сыртқы киімдер, костюмдер, көйлектер, белдемшелер мен шалбар және басқасы бар. Жұ­мыс барысында әр киімге бө­лек талғаммен мұқият қа­раймыз, тек жоғары сапалы материалдарды таңдаймыз. Біз коллекциямызды Санкт-Петербургте өз өндірісімізде тігеміз. Тұрақты тұтынушылар біздің өнімдердің ыңғайлы, сапалы екенін жиі айтады», дейді Т.Семенова.

Ал Санкт-Петербургтің «Gerrusi» брендінің басты ұраны – талғампаздық. Елена мен Родион Мальцев өздері негі­зін қалаған отбасылық кә­сіпті сипаттай отырып, бренд­тің ерекшеліктерін атап өтті.

«Кез келген дене бітімінің «кемшіліктері» болады. Бұл, әрине, кемшілік емес. Бірақ халық денесіндегі артық-ауыс тұстарын кемшілік деп қабылдайды. Сондықтан ең алдымен өз «кемшіліктерін» жа­сыратын киім іздейді. Біз­дің өнімнің ерекшелігі де осы – адамның дене бітімі қандай болса да барынша сұлу мүсін қылып көрсетеді. Дененің жасыратын тұстарын шебер жасырып, көрсететін тұстарын ерекшелеп тұрады. Киім – ең алдымен, өмір сүруге қажетті­лік болса, одан соң – сән үлгісі. Киімді қоғам сән үшін киеді, сән үшін таңдап, талғайды», дейді олар.

Сондай-ақ астаналықтарды күнделікті өмірге арналған сәнді киіммен Onicape дизай­нерлері таныстырды. Бұл бренд­тің өкілдері өнім дизай­нына тарихи қала Санкт-Петер­бургтің ауа райы мен ерек­ше сәулетінен идеялық шабыт алғанын айтты.

«2016 жылы алғашқы топтамамызды шығардық. Әлі күнге дейін сұранысқа ие. Киім тігу кезінде біз  стильге, түстердің алуан түрлілігіне және практикалыққа ерекше назар аударамыз. Біз тек са­палы материалдарды, дә­лел­денген жабдықтар мен инно­вациялық маталарды қол­данамыз. Мұндай киім жаң­быр мен желден қорғай­ды, дененің тыныс алуына мүм­кіндік береді», дейді Onicape өкілі.

Сән сапары аясында ре­­сейлік дизайнерлер қазақ­стан­дық серіктестермен зама­­науи сән туралы өз идея­ла­ры­­мен бөлісіп, жеміс­ті ын­тымақтастықтың түр­лі нұсқа­-
ла­рын ұсынды. Ұйымдас­ты­рушылар бұл сапар екі қала арасындағы сән және мәдени алмасу әлеміндегі маңыз­­ды оқиғаға айналғаны­на, шығармашылық ин­дус­­триялардың дамуына, ха­лық­аралық байланыстардың нығаюына ықпал ететініне сенімді.

Бүгінгі қоғам – нарықтың заманы. Бәсекелестік те әлемді билеп тұр. Осы орайда екі ел сән мамандарының келелі кез­де­сулері жаңа жобаларға, тың өзгерістерге бастайтыны сөзсіз.