Аймақтар • 19 Қазан, 2024

Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды

ІІМ

ІІМ басшысының бұйрығымен:

– ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров;

– Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;

– ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;

– ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;

– ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров лауазымдарынан босатылды.

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

ІІМ басшысы Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Бұл бойынша нақты тапсырмалар берілді.