ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ТЖМ күштерімен өрт алдын ала 40 шаршы метр алаңда оқшауланды. Нақтыланған мәліметтер бойынша жаңа ғимараттың бірінші қабатында құрылыс материалдары мен жылытқыш жанған.