Пікір • 21 Қазан, 2024

Ел күткен ерен оқиға

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында Орта Азияда теңдесі жоқ көпір құрылысы аяқталып, халық игілігіне салтанатты түрде тапсырылғанына ел болып қуанып жатырмыз.

Ел күткен ерен оқиға

Ертеректе, бала кезімізде әкелеріміздің «жаз жайлау­да Балықшыдан Өскемен, Семейге жол тартқанда (ба­лық жеткізу) Ертіс өзені­­нен салмен өтетін едік. Жел соқ­са, сал өзенді кесіп өтуге жарамай, тұралап қалатынбыз. Қарлы, боранды қыста жанымызды шүберекке түйіп, ат шанамен мұз үстінен өте­тін едік» дегенін талай естіп өстік. Арғы жаға мен бергі жағаның арасы 6 шақырым болатын өткелге паром түсіп, көліктерді тасымалдап жүргенінің өзіне 50 жылдан астам уақыт өтіпті. Паромға үлгермей, сыймай қалатын сәттердегі сарыла күтудің өзі бір төбе әңгіме-естелік.

Қыстың боранды, көк­темнің жылымық күн­дерінде мұз жарылып, үстімен өтіп бара жатып, қызыл су жиналған жердің жұқалтаң жерінде суға кеткен қаншама жерлестері­міз, көлік құралдары болды. Алматыдан ауылымызға келгенде таяқ тас­там жердегі үйімізге жете алмай, ат шанаға жармасып, жаяу Ертістен өткен кездеріміз жадымызда.

Осы ғасыр құрылысы­ның басы-қасында жүріп, бөлінген қаражатты шашау шығармай, ерен еңбек сіңірген барлық азаматқа алғысымыз шексіз. Әсіресе, елдің тілек-арманын естіп, осынау игілікті іске ұйытқы болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризалығымызды жеткіземіз.

 

Асхат Сәлиев,

инженер-құрылысшы

 

Астана