Үкімет • 23 Қазан, 2024

Қазақстан тарихында тұңғыш рет екі мұғалім бірден «Қазақстан Еңбек Ері» атағын алды

299 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар мен еңбек ардагерлері бар.

Қазақстан тарихында тұңғыш рет екі мұғалім бірден «Қазақстан Еңбек Ері» атағын алды

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті А.Жұмаділдаевқа, елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Г.Нұрпейісоваға, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Э.Траисоваға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қарағанды облысы «Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Г.Прокопқа берілді.

«Отан» орденімен Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры С.Жошыбаев пен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Оразалин марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» ордені Парла­мент Мәжілісі төрағасының орын­басары А.Рауға, Р.Бағланова атын­дағы «Қазақконцерт» мем­ле­кеттік ака­демиялық кон­церттік ұйымы­ның әртісі Н.Өнербайға, еңбек арда­герлері Қ.Жақыповқа, Ө.Оз­ған­баевқа, В.Редкокашинге, С.Шәкіратқа, Алматы қаласы «Persona» халықара­лық клиникалық репродуктология орталығының басшысы В.Локшинге, ІІ дәрежелі «Барыс» ордені Қазақстан­ның Германия Федератив­тік Респуб­ликасындағы Төтен­ше және өкілетті елшісі Н.Онжановқа және еңбек ар­дагері Ж.Шәріповке, ІІІ дәре­желі «Барыс» ордені Премьер-Министрдің орынбасары Т.Дүйсеноваға, шахматтан әлем чемпионы Б.Асаубаеваға, Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевқа, Тараз қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Сейдәзімовке табысталды.

Сонымен қатар бір топ белгілі ғалым, мәдениет, білім саласының қайраткер­лері және өндіріс өкілдері, мем­лекеттік қызметкерлер «Парасат» орденінің иегері атанды. Олардың қатарын­да Алматы қаласы «Акушер­лік, гинекология және пери­натология ғылыми орта­лығы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі­нің төрағасы З.Аманжолова, Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Арғымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры О.Байділда, «Қазақстан авторлар қоғамы» рес­пуб­ликалық қоғамдық бір­лестігінің бас директоры Б.Есенәлиев, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Х.Қалиламбекова, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ак­тері К.Кемалов, М.Әуезов атын­дағы әдебиет және өнер институтының бас дирек­торы К.Маты­жанов, Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды, «Мағжан» әдеби-көркем журналының бас редак­торы Ж.Сүлейменов, Шымкент қаласы­ның әкімі Ғ.Сыздықбеков, М.Әуезов атын­дағы Қазақ ұлттық драма театры­ның актрисасы Д.Темірсұлтанова бар.

Ұлтаралық бейбітшілік­тің дамуына сіңірген елеулі ең­бегі үшін «Ел бірлігі» ордені­мен Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшесі С.Героев, күрд­тердің «Бар­банг» қауым­дасты­ғының төрағасы А.Алиев, «Мицва» қауымдастығының төрағасы А.Барон және «Динар-Электромаш» жауап­кер­ші­лігі шектеулі серіктестігінің тең құ­рыл­тайшысы С.Вишняк марапатталды.

Еліміздің дамып, өркен­деуіне елеулі еңбегі сіңген бір топ азамат, соның ішінде Алматы қаласындағы «Бал­дәурен» балаларды оңалту орталығы» КМК дирек­торы Ш.Абесов, «Астана» халық­аралық қаржы орталығы­ның басқару­шысы Р.Бек­тұров, Астана қалалық Жас көрермендер театрының актрисасы С.Еслямова, скрипкашы Ж.Серкебаева, Қосшы қаласындағы мектеп-гимна­зияның директоры Д.Асқарова «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бұған қоса өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндіріс салаларының жұ­мысшылары мен еңбек­керлері ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін иеленді. «Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері» құрметті атағы ғылым және мәдениеттің көрнекті өкілдеріне табысталды.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын-жазушылар Т.Медетбек, В.Михайлов және И.Сапарбай «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болды. «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері: театр және кино актерлері К.Жұма­бековке, Л.Кәденге, О.Кор­жеваға, И.Лебсакқа, Р.Мах­пироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышевқа, опера әнші­лері М.Мұхамедқызы мен Ж.Бас­­пақоваға, дирижер А.Мұ­­хит­динов пен күйші С.Тұ­­рыс­бекке, сондай-ақ бел­гілі әнші М.Ілиясоваға берілді.

Сонымен қатар биылдан бастап құр­метті атақтар қатарына «Қазақ­станның еңбек сіңірген дәрігері» ата­ғы қосылды. «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» ак­ционерлік қоғамының бас директоры А.Байгенжин, «Ұлттық ғылы­ми онкология орталығы» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі гемато­логия орталығының басшысы В.Кемайкин және Қарағанды облыстық клиникалық ауру­ханасының дәрігері Б.Цхай жаңа құрметті атақтың алғаш­қы иегерлері атанды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. Атап айтқанда, суға батып бара жатқан адамды құтқарғаны үшін Р.Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы­ның аға жауынгері Ж.Перма­бек, «Ерлігі үшін» медалі­мен Павло­дар облысы полициясының учас­­келік аға инспекторы Е.Қойкен, Ақтөбе қаласының поли­­ция инспекторы Ф.Нұр­манов, Талдықорған қаласы­ның полиция инспекторы С.Серікқалиұлы, жасөспірімді өрттен құтқарғаны үшін Атырау қаласы полициясы­ның учаскелік инспекторы Д.Қорғанбаев наградталды.

Жалпы, биылғы мем­ле­кеттік наградаларды таға­йын­­дауда қарапайым жұ­мыс­шылардың мәртебесін асы­ру­ға, еңбек әулеттерінің қо­ғам­дағы абырой-беделін арт­тыруға айрықша мән беріл­ді. Марапат иелерінің қатарында 450-ден аса жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар.

Еңбек династияларын марапаттау дәстүрі биыл да жалғасын тапты. Бұл жолы мұғалімдер, өндірісшілер, теміржолшылар әулеттері құрметке бөленді.