Фото: gov.kz
Әңгіме барысында елші Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан негізгі реформалар мен бастамалар хақында баяндады. Қазақ дипломаты экономика, сауда және білім беру сияқты бірқатар негізгі салаларда, сондай-ақ орнықты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін шарттық-құқықтық базаны жетілдіруді ұсына отырып, Қазақстанның Оңтүстік Африкамен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын атап өтті.
Өз тарапынан, Оңтүстік Африка Парламентінің палата басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін мәлімдеді. Олар екі ел арасында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігіне сенім білдіріп, нәтижесінде өзара тиімді серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын жеткізді.
Жиын соңында тараптар екіжақты парламентаралық байланысты дамыту мақсатында диалогты жалғастыруға келісті.