Аймақтар • 23 Қазан, 2024

Жарық ауылына газ келді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күні қарсаңында Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округіне қарасты Жарық ауылы магистральды газ құбырына қосылды. Екі жыл бұрын басталған газ тарту жұмыстарын «A.T.E-ЖОЛ» ЖШС-і аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарық ауылына газ келді

Қазіргі кезде елді мекендегі 104 үй мен 3 әлеуметтік нысан ауылішілік газ құбырымен жалғасты. Осы ауылдың байырғы тұрғыны Марат Мысқалиевтың айтуынша, осы кезге дейін  қыс айларында әрбір  үй 5-6 тонна көмір жағып келген. Сонда әр отбасы  жылыту маусымында тамызық пен көмір сатып алуға 300 мың теңгеден астам қаржы жұмсайды екен. Енді көгілдір отынның төлемақысы одан бірнеше есе арзанға түседі.

Осы жылы Ақтөбе облысында тұрғындар саны 500-ден асатын елді мекендерге  газ құбыры тартылып жатыр. Бүгінгі күні Мұғалжар ауданы тұрғындарының  96,4%-ы көгілдір отынға қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35