Руханият • 24 Қазан, 2024

Қазақ тілін үздік меңгерген өзге этнос өкілдеріне 3 млн теңге үлестірілді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өзге этнос өкілдері арасында «Елім дегендер» байқауының республикалық кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақ тілін үздік меңгерген өзге этнос өкілдеріне 3 млн теңге үлестірілді

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, байқауда қазақ тілін үздік меңгерген өзге этнос өкілдері сынға түскен.

Жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттауды межелеген байқауда өңірлерден келген қатысушылар қазақ тілінде өлең оқыды. Сондай-ақ өз шығармашылығындағы қазақ тіліндегі өлеңді де көпшілікке паш етті. 

Жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Үздіктерге  3 000 000 теңгелік сыйақы үлестірілген. 

оо

бб