Sinegor.kz
Полицияның мәлімдеуінше қыз бұған дейін де үйден бірнеше рет кетіп, кейін оралғаны анықталған. Өзі мүмкіндігі шектеулі жан.
Sinegor.kz порталының жазуынша, қызды алдымен әкесі өз бетінше іздеп көрген, алайда нәтижесіз болған соң құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.
Қыз үйден шығып кеткен кезде сұр пальто, қара түсті аяқ-киімде болған. Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, арық, қоңыр түсті шашы иыққа дейін жетеді.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Дильназды іздестіруге көмектесуді сұрайды. Қыз туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан арнайы 102 нөміріне хабарласуды өтінеді. Қыздың жасы мен мүгедектігін ескере отырып, іс құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында.