Фото: Polisia.kz
Artemia salina шаянын заңсыз аулаған 3 адамнан құралған топ Солтүстік Қазақстан облысы полицейлерінің назарына түскен.
«Олар ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының 6637 әскери бөлімінің қызметшілері және облыстық прокуратураның үйлестіруімен өзара іс-қимыл жасау кезінде ұсталды. Күдіктілер Мамлют ауданы аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде заңсыз өндірген», делінген хабарламада.
Polizia.kz-тің жазуынша полицейлер жалпы салмағы 460 келі болатын шаян жұмыртқаларын тәркілеген. Мемлекетке келтірілген зиян – 3 миллион 712 мың теңге.