Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметі
Кездесу барысында бұл келісімнің ҚИнЭУ білім алушыларына көптеген жаңа мүмкіндіктер сыйлап, дуалды білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды дайындауда жаңа белеске шығаратыны айтылды. Университеттің жетістіктері мен білім беру бағдарламалары таныстырылып, «KIA Qazaqstan» машина жасау зауытының өкілдерімен қызу пікірталас өтті.
Оқу орнының білім алушылары KIA компаниясының бас директоры Kim Dae Ki мырзаға ынтымақтастықтың болашағы жайлы қызықты сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.
Кездесудің нәтижесінде ҚИнЭУ мен «KIA Qazaqstan» арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтерілді, ал білім алушылар үшін Кореяда өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылды.