Фото: Ерлан Омар
Ең әуелі ұлттық мереке құрметіне Мемлекет басшысының атынан марапат алған газеттің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерінің есімі құрметпен аталды.
«Egemen Qazaqstan» газетінің бұрынғы басшылары Нұрлан Оразалин – «Отан» орденін, Дархан Қыдырəлі «Барыс» орденін иеленді. Газетіміздің ардагері, əдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Сонымен қатар газеттің кезінде Маңғыстау облысында меншікті тілшісі болған Темірхан Медетбек «Халық жазушысы» атанды. Бұл азаматтардың əрқайсы біздің басылымның дамуына елеулі үлес қосқан», деді Д. Қамзабекұлы.
Бұдан кейін «Egemen Qazaqstan» газетінің Ұлытау облысындағы тілшісі Абдолла Дастан, Маңғыстау облысындағы тілшісі Гүлайым Дəуітбай жəне Қызылорда облысындағы тілшісі Мұрат Жетпісбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ал «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Юлия Полонская «Шапағат» медалін, «Egemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі Ерлан Омар мен «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Юрий Беккер Президенттің Алғыс хатын иеленді.
Сонымен қатар бірқатар журналист «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Олар: «Egemen Qazaqstan» газетінің аға тілшілері Гүлнар Жолжан мен Маржан Əбіш, «Казахстанская правда» газетінің Ақмола облысындағы тілшісі Раушан Өтеулина жəне фототілшісі Игорь Бургандинов, kazpravda.kz сайтының тілшісі Гүлмира Құнапия. Бұған қоса əріптестеріміз Айнұр Райымқұлова мен Бекен Қайратұлы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, Бақытгүл Рахимбаева Алғыс хатымен марапатталды.