Оқиға • 04 Қараша, 2024

Семейде сауда ғимаратының шатыры опырылып түсті

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде орталық автовокзалда «Ақшын» сауда үйінің металл конструкциясы опырылып, автобустарды басып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде сауда ғимаратының шатыры опырылып түсті

Фото: Абай облысының полиция департаменті

Полицияның мәліметінше, оқиға бүгін түс кезінде болған. Апат орнына дереу полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жөнелтілген.

«Алынған ақпарат бойынша, «Ақшын» сауда үйінің шатыры автобустардың үстіне құлаған. Салдарынан металл конструкциясы 2 автобусты зақымдаған. Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтар арасында  зардап шеккендер жоқ. Бірақ көлік паркі материалдық шығынға ұшырады», деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ірі өрттен кейін сауда орталығының ғимараты апатты жағдайда тұр. Семей қаласындағы ең ірі киім базары биыл 6 ақпанға қараған түні өртенді. Өртті бірден ауыздықтау мүмкін болмаған, кейін 3-қабаттың шатыры жартылай опырылып түскен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы «Өрт қауіпсіздігі талаптарын олардың сақталуына жауапты адамның бұзуы» бойынша тергеу басталғаны хабарланды.