Қоғам • 06 Қараша, 2024

Елімізде 148 мың мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде 148 мың мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды

Фото: moyaidea.ru

Министрдің мәлімдеуінше, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында еңбекке қабілетті 148 мың адам жұмысқа орналасқан. 

Олардың басым көпшілігі ғылыми қызмет, мемлекеттік басқару, білім беру және сауда, денсаулық саласында қызмет етеді. 

«Кәсіптер бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдардың 21%-ы кәсіби мамандар, 19%-ы біліктілігі жоқ қызметкерлер, 13%-ы техник-мамандар, 11%-ы – басшылар мен мемлекеттік қызметшілер, қызмет көрсету, сату саласында жұмыс істейтін қызметкерлер», деді Светлана Жақыпова.

Ал өңірлер бойынша осы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту деңгейі 50 пайызға жетпеген.