Спорт • 06 Қараша, 2024

Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

1 мин
оқу үшін

Ел балуаны Жәмилә Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілігінің күміс медалін жеңіп алды. Осы жеңісінен кейін отандасымыз UWW рейтінгісінде жоғарылады. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Фото: ҰОК

Біріккен күрес әлемі (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. 

Отандасымыз Жәмилә Бақбергенова 72 келі салмақ дәрежесінде өз позициясын жақсартты. Бақбергенованың еншісінде 45 000 ұпай бар. 

Рейтингтің бірінші тұғырын әлем чемпионатында Жәмилә жол берген жапониялық Ами Исии бастаса, үздік үштікті румыниялық Александра Николета Ангел түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49

Ғабит ғибраты

Руханият • Бүгін, 08:45