Саясат • 07 Қараша, 2024

Өңірлік қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қауіп­сіз­дік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консульта­ция­лары өтті.

Өңірлік қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов­тің және Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу­дың төрағалығымен өткен келіссөздер барысын­да өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл секілді өңірлік қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ Каспий аймағындағы ахуалдың қазіргі жай-күйі мен даму келешегі жөнінде пікір алмасты.

Консультациялар Қазақстан Республи­касы және Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында қабыл­данған ынтымақтастық жоспарына сәйкес тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Жиын қорытындысы бойынша 2025–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.