Оқиға • 07 Қараша, 2024

Саңыраулар қоғамы қорының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қоры басшысының алаяқтық жасағанын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саңыраулар қоғамы қорының басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Фото: Ерлан Омар

«Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деген күдікке ілінген», делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Ведомство Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды.