Шымкент • 08 Қараша, 2024

Түркітілдес елдердің театр фестивалі

65 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына орай, шаһарда Орталық Азия елдері театрларының IX халықаралық фестивалі басталды.

Түркітілдес елдердің театр фестивалі

Екі жылда бір өтетін бұл фестиваль еліміздің ғана емес, бүкіл Орта­лық Азия өңірінің рухани, мә­дени өміріндегі елеулі оқиға. 6-11 қа­раша аралығында, яғни 5 күн бойы Түр­кия, Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Әзербайжан, Татар­стан мен еліміздің таңдаулы театр­лары Шымқалада өнер көрсетіп, шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасады.

Іс-шара Мәдениет және ақ­парат министрлігі мен Шым­кент қаласы әкімдігінің қол­да­­уы­мен өтіп жатыр. Ал фес­ти­­валь­ды ұйымдастыруға тіке­лей ат­салысқан – М.Әуезов атын­дағы қазақ ұлттық драма театры.­ Осы тоқсан бес жыл­дық тор­қалы тойдың аясында мега­полис­тің өнерсүйер қа­уымы Әзер­бай­жан мемлекеттік ака­де­мия­лық музыкалық театры, Өзбекстан «Дий­дор» мемлекеттік жастар экс­периментальды театр-студиясы, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық бала­лар мен жасөспірімдер театры,­ Қырғыз­­стан мемлекеттік «Учур» жастар ­театры, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік акаде­миялық музы­калық театры, Түркияның Ала­ния қалалық театры, Самарқанд облыстық музыкалық драма театры­ мен Ғабдолла Тоқай атындағы «Әтнә» мемлекеттік татар драма театры сахналаған қойылымдарды тамашалай алады.

пр

Жоғарыда айтқанымыздай, бауырлас, түркітілдес елдерден келген өнер ұжымдары 6-11 қараша күндері Ж.Шанин атындағы ака­демиялық Қазақ драма театры мен Шымкент қалалық орыс драма театрының сахна­ларында С.Қасымбектің «Ат­жал­ман ғасыр», Ш.Айтматовтың «Бетпе-бет», Х.Ниязидің «Сай­қы­мазақтар ойыны», П.Се­йид­лидің «Киллерден телеграм», Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан», Ш.Айт­матовтың «Лувр үйрегі», Э.Хе­мингуэйдің «Шал мен теңіз», Ә.На­уаидің «Ләйлі-Мәжнүн», сондай-ақ А.Гильязованың «Қар ас­тындағы қайнар бұлақ» туын­дылары көрермен назарына ұсы­нылады.

Фестивальға шақырылған қо­нақтар арасында театр, кино өнерінің майталмандары Аса­нәлі Әшімов пен Тұңғыш­­бай Жа­манқұловтар қызыл кілем­­нің үстімен жүріп, ұлт театры­ның негізін салушы арыстардың бірі Жұмат Шанин­нің ескерткіші­не гүл шоқтарын қойып, айтулы іс-шараның ма­ңыздылығы мен театрдың адамзат рухания­тын­дағы алатын орны туралы тебірене сөз қозғады. Сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков құт­тықтау сөзінде түркітілдес ха­лықтар арасындағы мәдени бай­ланыстың нығаюына фестиваль­дың берер пайдасы мол екенін жеткізді.

«Құрметті өнерсүйер қа­уым, баршаңызды Шанин атын­дағы академиялық қазақ драма театры­ның 95 жылдығы­мен құт­тық­тай­мын. Тоқсан бес жыл­да түрлі ке­зең­дерді бас­тан өт­керген қала­лық театр бүгінде ме­гаполистің ең ­асыл қазыналы мәдени ошақ­тары­ның біріне айналып отыр. Театр жас ұрпақтың бо­йына ұлттық құн­дылықты сіңіру, тарихи сана­ны жаңғырту бағытында өте ма­ңызды қызмет атқарып келеді. Біз Алаш ардақтысы Жүсіпбек Аймауытұлының осы шаһарда қызмет етіп, қалалық театр­дың іргесін қалаған алғашқы тұл­ға­­лардың бірі болғанын мақтаныш­пен айтамыз», деді әкім.

Салтанатты жиында сөз сөй­легендер қатарында Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Күміс Сейітова жылы лебі­зін арнап, министр Аида Балаеваның Ж.Шанин атындағы ака­де­мия­лық қазақ драма театрының 95 жылдығы мен осыған орай ұйымдастырылған халықаралық фес­тивальдың ашылуына байланысты жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Айтулы мерекелік кеште Ж.Шанин атындағы театр ұжы­мы жергілікті атқарушы билік пен мәдениетке жауапты сала­лық министрлік тарапы­нан таға­йындалған түрлі мара­патқа ие болды.

Сонымен қатар фестиваль күндері театр мамандарының шығармашылық әлеуеті мен кәсіби деңгейін жақсарту мақсатында «Шеберлік сабақ­тары» өткізіле­ді. Онда бекзат өнер­дің кәсіби шеберлері, Е.Б.Вах­тангов атын­да­ғы театр­дың режиссері, «Алтын маска­ның» бірнеше дүркін иеге­рі Юрий Бутусовтың, Т.Жүрге­нов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Айгүл Наремгенованың, театртанушы, Өзбекстан мемлекеттік музыкалық комедия театры­ның (оперетта) директоры Бури Ганиевтің шебер­лік сабақ­тары ұйымдастырылады. Тар­қатып айтқанда, Ю.Бутусов «Режис­сура», А.Наремгенова «Актердің сахналық үні», Б.Ганиев «Театр ісін ұйымдастыру (менеджмент)» тақырыптарында дәріс оқып, актерлер шеберлігін шыңдайды.

Фестивальдың қорытындысы мен жабылу салтанаты 11 қараша күні Шымкенттегі «Tulip Hall» мә­дениет сарайында өтеді деп жоспарланып отыр. Кеш бары­сында үздік өнерпаздар мен шығар­ма­шылық ұжымдарға арнайы сый­лықтар табысталады.