Оқиға • 08 Қараша, 2024

ШҚО-да мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі растап отыр, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды

Фото: ҰҚК

Құзырлы органдар әскери қызметкердің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеруді бастаған. 

Алдын ала ақпарат бойынша ол өзіне қол жұмсаған. 

«Осы жылғы 7 қараша күні Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі суицид болуы ықтимал», делінген ҰҚК хабарламасында.