Қылмыс • 09 Қараша, 2024

Таразда екі адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда екі адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын ол сотталмаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қайғылы оқиғалар болған жалдамалы тұрғын үйдің иесі жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияға көршілерден бұл пәтерге қатысты шағым түскен жоқ», деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйел өлі табылған еді.

Олардың бірі Алматының тұрғыны, екіншісі тараздық екені белгілі болды.