Үкімет • 12 Қараша, 2024

Әскери ынтымақтастық туралы заң қаралады

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төраға­лы­ғымен палата бюросы өтті. Онда депутаттар 14 қарашада өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және палатаның осы аптадағы іс-шаралар жоспарын пысықтады.

Әскери ынтымақтастық туралы заң қаралады

Сурет: elordainfo.kz

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім­ді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Келісім әскери білім беру, әскери қызметшілерді даярлау, әскери медицина, әскери ғылым, мәдени жә­не спорттық іс-шаралар, бейбітшілікті қолдау жө­­нін­дегі операцияларға, жауынгерлік даярлыққа, сон­дай-ақ өзге де бағыттарға байланысты мәсе­ле­лер бойынша консультациялар саласындағы ынты­мақ­тас­тықты дамытуға және нығайтуға арналған.

Сонымен қатар заң нормалары әскери ынтымақ­тастық саласы мен нысандарын айқындауды, тараптардың әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін белгілеуді, әскери мүлік транзиті, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаржыландыру, әуе кеңістігі мен әскери полигондарды пайдалану, тілдік даярлық жүргізу мәселелерін де реттеуді көздейді.

Бұған қоса бюрода бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.