Қоғам • 12 Қараша, 2024

Мектепте тамақтанудың жаңа стандарты әзірленеді

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мектепте тамақтанудың жаңа стандарты әзірленеді

фото: astana-akshamy.kz

«Министр Ғани Бейсембаевпен және Оқу-ағарту министрлігіндегі әріптестерімен бірге ЮНИСЕФ-тің қолдауымен мектептегі тамақтану мәселелерін талқыладық. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі жылдан бері 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады, оған жыл сайын 175 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді», деп жазды Ақмарал Әлназарова.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық мектептері үшін балаларымыздың сапалы, теңдестірілген және қауіпсіз тамақтануының кепілі болатын жаңа стандартты әзірлеу маңызды. 

«Балаларда дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру ерте шақтан бастап маңызды. Сондықтан олар күшті, сау және болашақ сынақтарға дайын бола алады. Біздің мақсатымыз - өңірге қарамастан әрбір бала күн сайын ақуыздардың, дәрумендердің және барлық қажетті қоректік заттардың теңдестірілген мөлшерін алуы. Сонымен бірге, әрбір ата-ана баласының өсуі мен дамуы үшін ең жақсысын алатындығына сенімді болды», деді министр.