Спорт • 13 Қараша, 2024

Қайраткер атындағы турнир

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Астанадағы «Аризона» бильярд клубында мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған бильярд ойынынан турнир ұйымдас­ты­рылды.

Қайраткер атындағы турнир

Танымал тұлғаны кө­ріп-біл­ген және жа­қын араласқан аза­маттардың тікелей қол­да­уымен басталған осындай бильярд са­йысы биыл екінші рет өткізіліп отыр­ғанын атап айту керек. Бильярд сайысы басталмас бұрын өткен жылы өмірден озған Бердібек Сапарбаевтың аруағына арналып құран оқылды, оған қайраткердің ұрпағы Жансұлтан Бердібекұлы қатысты.

Биылғы бильярд сайысына Алма­ты, Қызылорда мен Түркістаннан да ар­найы қонақтар келіп қатысып, өз шеберліктерін көрсете алды. Ұйымдастыру комитетінің атынан сөз алған жазушы-драматург Жолтай Жұмат өз сөзінде «халқымыздың қайраткер ұлдарының есімін естен шығармай, еске алып отыру бағытындағы бұл игі бастаманың кейінгі жас ұрпаққа берер тәлімі мол, сондықтан да іс-шараның аясын бұдан да кеңейте түсіп, спорт сайысын жылма-жыл жалғастырып отырған өте орынды болмақ» деп атап өтті. Қайраткер азаматтың көзін көрген еңбек ардагерлері Ағабек Әбдіоразов, Баянбай Ысрайылов, Тұрсынхан Ақылбеков, тағы басқалар өз естеліктерімен бөлісті.

Сайыс қорытындысында жақсы ойын үлгісін көрсеткен Нұржан Есенұлы бірінші, Қанат Тұрсынбайұлы екінші, ал Бақытжан Пәрменов үшін­ші орындарды иеленіп, же­ңімпаздарға ақшалай сый­лықтар беріліп, жазушы Жолтай Жұмат-Әлмашұлының өткен жылы жарық көрген «Қаратау қаһары» атты романдар кітабы табысталды.

 

Жасұлан Жандарбек

 

Астана