Ауа райы • 13 Қараша, 2024

Қар, бұрқасын: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қар, бұрқасын: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады

Фото: azattyq-ruhy.kz

Синоптиктердің болжамынша, аптаның ортасында еліміздің батысында, содан кейін оңтүстігінде антициклонның әсерінен 15-16 қарашада оңтүстік-шығыста, 16 қарашада республиканың орталығында, шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Бірақ республиканың солтүстік жартысында және оңтүстік-шығысында қарлы ауа райы, солтүстігінде бұрқасын сақталады.

«15-16 қарашада циклон жырасы біртіндеп батыс аймақтарға ауысады, одан жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында 14 қарашада қар жауады деп болжануда. Республика бойынша тұман мен екпінді жел соғады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер түнде ауа температурасының батыста 1-10 градусқа дейін жылынатынын, солтүстік-батыста және солтүстікте 2-11 градус суық болатынын болжады. Одан бөлек орталықта 5-13 градус аязға дейін, шығыста 5-18 градус аязға дейін, оңтүстікте 2-10 градус аязға дейін жоғарылайды, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі.