
Фото: Талғар ауданы әкімдігі
Нуржан Абдалимов 1988 жылы 10 маусымда дүниеге келген.
Қазақ қатынас жолдары университетін кеден ісі мамандығы бойынша аяқтаған. Сонымен қатар, «Қайнар» академиясында құқықтану магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығында аға операторлықтан бастаған. 2011-2015 жылдары аталған қаланың Алатау ауданы әкімінің аппаратында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің маманы, 2015 жылы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, 2015-2018 жылдары кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, 2018-2019 жылдары мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болған. 2019-2021 жылдары «АлматыЭлектроТранс» ЖШС-де бөлім басшысы болып жұмыс істеген.
2023 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.