Президент • 15 Қараша, 2024

Президент Маңғыстаудағы балалардың астан улануына қатысты пікір білдірді

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы балалардың жаппай астан улануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Маңғыстаудағы балалардың астан улануына қатысты пікір білдірді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы форумда орайлы сәтті пайдалана отырып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты ойын ортаға салды. Жаңа оқу жылы басталған сәттен елімізде білім жүйесіне байланысты мәселелер жиі көтеріледі. Білім саласында елеусіз қалдыратын мәселе болмайтынын атап өтті.

Мектептерде бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мемлекет есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылады. Осы орайда Президент  мектеп асханаларындағы тамақтың сапасына баса мән берген жөн екенін тілге тиек етті.

«Жақында Маңғыстау облысында балалар астан уланды. Бұл оқиғаның қоғамда қызу талқылануы орынды. Мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу керек. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қатаң бақылау қажет. Бірақ мәселенің мәні тым тереңде жатыр. Оқушыларды сапасы күмәнді әрі арзан азық-түлікпен тамақтандыра алмаймыз. Балаларды тамақтандырудың халықаралық стандарттарына ұмтылғанымыз дұрыс. Асханадағы тағамдар өсіп келе жатқан ағзаны барлық қажетті дәруменмен қамтамасыз етуі керек. Бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер етеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, құзырлы мекемелер мектеп асханаларындағы азық-түліктің сапасын көтеру мәселесімен мұқият айналысуы қажет. Мектептерде дұрыс тамақтандыру мәдениетін қалыптастыру үшін агроөнеркәсіп кешені білім беру орындарының серіктесіне айналғаны жөн.