Спорт • 16 Қараша, 2024

Жарыстар күнделігі

60 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Эстонияның Таллин қаласында мә­нерлеп сырғанаудан «Tallinn Trophy» халық­аралық турнирі жалауын түсірді. Ел үмітін арқалаған Софья Самоделкина күміс жүлде олжалады. Қысқа бағдарламада алған ұпайының нәтижесінде үшінші сатыға тұрақтаған жерлесіміз еркін бағдарламада ұпайын молайтып, қоссайыс қорытындысында 173,25 ұпай еншіледі. Халықаралық турнирдің алтын медалін 192,48 ұпаймен бельгиялық Нина Пинзаррон алды. Қола медаль канадалық Сара Мод Дюпуаға (163,58 ұпай) бұйырды.

Жарыстар күнделігі
  • Халықаралық семсерлесу федера­циясының (FIE) әлемдік рейтингі жаңар­тылды. Біздің ерлер құрамасы көрсет­кішін жақсартып, екі сатыға өрледі. Жуырда Швейцарияның Берн қаласында әлем кубогінің кезеңі өтті. 35 команда арасында саңлақтарымыз 7-орынға тұрақтады. Соның нәтижесінде әлемдік рейтингтегі көрсеткіште жақсарып, 4-сатыға орнықты.
  • Ресейдің Мәскеу қаласында WKF каратэден Moscow Karate Universe -2024 халықаралық турнирі өтті. 31 елден 329 спортшы қатысқан айтулы додада саң­лақтарымыз 8 медаль олжалады. Қыздар сынында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) мен Софья Берульцева (+68 кг) чемпио­н атанса, Гүлмира Үсенова (55 кг), Лаура Сағынбек (68 кг) финалдық бәсекеде сүрініп, күміс медальды місе тұтты. Ерлер додасында Никита Тарнакин (84 кг) барлық қарсыласын айқын ұтып, алтын медаль еншілесе, Диас Анарбеков (+84 кг), Жоламан Биғабыл (60 кг), Данияр Юлдашевке (84 кг) қола жүлде бұйырды.
  • Тараз қаласында күрес түрлерінен Қазақстан кубогі өтіп жатыр. Боз­кілемге алдымен грек-рим күресінің балуандары шықты. Елішілік сайыста мына балуандар чемпион атанды: 55 кг – Ербол Камалиев (Алматы облысы), 60 кг – Бақытжан Қабдыл (Алматы облысы), 63 кг – Мейрамбек Айнағұлов (Ақтө­бе облысы), 67 кг – Мейіржан Шерма­хамбет (Шымкент қаласы), 72 кг – Әділхан Сатаев (Шымкент қаласы), 77 кг – Ибрагим Магомадов (Қараған­ды облысы), 82 кг – Омар Сатаев (Шым­кент қаласы), 87 кг – Шәміл Ожаев (Алматы қаласы), 97 кг – Ильяс Гучигов (Шым­кент), 130 кг – Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы).
  • Әйелдер күресінен 10 салмақ дәрежесінде өткен додада мына балуандар чемпио­н атанды: 50 кг – Светлана Анкичева (Астана), 53 кг – Зейнеп Баянова (БҚО), 55 кг – Марина Седнева, 57 кг – Нилуфар Раймова (Түркістан облысы), 59 кг – Гүл­дана Бекеш (Қарағанды облысы), 62 кг – Виктория Хусаинова (Ақмола облысы), 65 кг – Елена Шалыгина (Астана), 68 кг – Ирина Казюлина (Абай облысы), 72 кг – Анастасия Панасович (БҚО), 76 кг – Гүлмарал Еркебаева (Астана).
  • Қытайда грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында ха­лықаралық турнир өтті. 67 кг салмақта белдескен Юсуф Ашрапов чем­пион атанса, 87 кг-да сынға түскен Нұрасыл Аман­алы күміс, Бағлан Қуанышев қола медаль еншіледі.