Саясат • 16 Қараша, 2024

Вьетнам делегациясымен кездесті

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Хо Ши Мин атындағы Ұлттық сая­сат академиясының директоры, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тханмен кездесті.

Вьетнам делегациясымен кездесті

Сурет: akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Вьетнам КП ОК Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тхан бастаған делегациямен кездесті.

Басқосуда Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы жұмыстар туралы айтып берді.

Жиын соңында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты мен Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясы арасындағы ықпалдастықты жалғастыруға келісті.