Оқиға • 18 Қараша, 2024

Кәсіпкерді алдап, ірі көлемде қаржы жымқырған күдікті ұсталды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерді алдап, ірі көлемде қаржы жымқырған күдікті ұсталды

Фото: Бас прокуратура

Анықталғандай, күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлемдегі қаражатты жымқырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.

«Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторында отыр», делінген хабарламада.

Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.