Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген Б.Жайлаубаев Сәтбаев қаласы мәдени – сауық орталығының директоры, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болды.
Ол кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті талдау және жоспарлау басқармасының басшысы, ҚР Энергетика министрлігі цифрландыру және ақпараттандыру басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2022 жылы Ұлытау облысы құрылған сәттен бастап Жезқазған қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.
Б.Ө.Жайлаубаев 1984 жылы 21 қаңтарда туған, отбасылы, үш баланың әкесі.