Сурет: ekip-sport.ru
9-минутта құраманың жартылай қорғаушысы Темірлан Ағманов есеп ашып, 35-минутта екінші голын соқты. 61-минутта Елдар Меңдіғалиев ереже бұзып, Украина құрамасының қорғаушысы Максим Коробов пенальтиден гол салды.
Жастар құрамасының аға бапкері Александр Кузнецов шәкірттерінің сенімді ақтағанына разылығын білдірді.
«Барша жанкүйерді келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісімізбен құттықтаймын. Жастар жарады, барын салып ойнады. Қақпамызға төрешінің пенальти белгілегені түсініксіздеу болды, бірақ олардың шешіміне ешқандай уәж айтпаймыз. Бізге босаңсуға әлі ерте, алда маңызды матчтар бар. Жігіттер командалық ойынның нағыз үлгісін көрсетті. Қарымта шабуылды өрістету, қорғаныста қателікке ұрынбау, ойыншылардың қажыр-қайраты, жеңіске деген жігері қуантады», деді аға бапкер. Өкінішке қарай, жастар Нидерланд құрамасына 2.0 есебімен есе жіберді. Енді Словения жастарына қарсы ойнайды. Жастардан әлі де үміт күтеміз.