Оқиға • 19 Қараша, 2024

Қосшыда балалы әйел жоғалып кеткен

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қараша күні таңертең Қосшы тұрғыны жұбайының жоғалып кеткені туралы полиция бөлімін құлағдар еткен, деп жазады Egemen.kz.  

Қосшыда балалы әйел жоғалып кеткен

Фото: Polizia.kz

2 жасар ұлын ертіп, таңғы сағат 7 шамасында белгісіз бағытқа қарай кетіп қалған әйелін іздеуден нәтиже шықпаған соң, ер адам тәртіп сақшыларына жүгінген.

Polisia.kz-тің ақпаратынша, бір тәулік ішінде жүргізілген жедел-іздестіру нәтижесінде ана мен бала Тараз вокзалында пойыз ауыстырып жатқан жерінен табылған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.