Оқиға • 19 Қараша, 2024

Сметов пен Қырғызбаев татамиге қашан оралады

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевтың татамиге қашан оралуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сметов пен Қырғызбаев татамиге қашан оралады

Фото: olympic.kz

Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша 2025/26 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Бас бапкердің айтуынша, Қазақстан чемпионатына қатысудан босатылған дзюдошылар да негізгі құрамға енеді. Олар – Ғұсман Қырғызбаев, Елдос Сметов, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан. Бұл спортшылар негізгі құрамда болатыны айдан анық.

Сонымен қатар ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевтың жаттығуға қашан кірісетінін айтты.

«Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев келесі жиыннан бастап командаға қосылады. Олар біртіндеп жаттығуға оралып жатыр. Жаттығу жиыны 9 қаңтарда Астанада басталады», деді Н.Сүлейменов,

Естеріңізге сала кетейік, биыл Парижде өткен Олимпиада ойындарында дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов  Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдегер атанды.