Қылмыс • Бүгін, 08:50

700-ден аса кибералаяқтық тіркелді

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 700-ден аса ин­тер­­­­­нет­тегі алаяқ­тық тіркелді. Бұл ту­ра­лы ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы­ның­ аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұрай Арыс­­танбек мәлімдеді.

700-ден аса кибералаяқтық тіркелді

Сурет: ru.freepik.com

«Ақпараттық техноло­гия­лардың дамуымен бірге ала­яқ­т­ар да өз әрекеттерін жетіл­ді­ріп, олардың қолдана­тын әдіс­тері күрделеніп барады. Ең кең таралған әдіс­тері – өзін банктер мен ком­­муналдық қызметтердің қыз­меткері ретінде танысты­рып, азаматтардың есеп­шот­тарындағы қаржыны жым­қы­рады. Сондай-ақ қауіпті сілте­мелер жібереді. Өкініш­тісі, алданып қалып жатқан­дар аз емес», дейді Н.Арыстанбек.

Кибералаяқтықпен кү­ресу­дің тиімді жолы – алдын алу іс-шараларын жүргізу. Ал алдап соққан алаяқты табу – өте қиын. Сондықтан өңірде ақпараттық-профи­лактикалық іс-шараларға басымдық беріліп отыр. Ішкі істер министрлігінің 2023–2025 жылдарға арнал­ған кибер қылмыспен күре­су бағдарламасына сәй­кес облыста жыл сайын жедел про­фи­лактикалық іс-шаралар өт­кі­­зіледі. Биыл 12–14 қара­ша ара­лығында бүкіл ел аума­ғын­­да «Анти-Фрод» жедел про­­фи­лак­тикалық іс-шарасы өткізілді.

Сонымен қатар өңірде «Стоп-алаяқ» іс-шарасы жү­зеге асы­рылып жатыр. По­ли­ция қыз­мет­кер­лері тұрғын үйлерді аралап, интернеттегі алаяқтықтың түрлері туралы ескертулер жасап, халықтың қаржылық және құқықтық сауатын арттыруға бағытталған ақпарат таратумен шұғыл­данып жүр. Сондай-ақ облыс пен Өскемен қаласы әкім­дік­терімен бірлесіп, ақпа­рат­тандыру бойынша медиа-жос­пар әзірленді.

Бүгінде қылмыстарды тиімді тергеу үшін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жанынан кибер қылмыстарды ашумен айналысатын арнайы «Киберпол» бөлімі құрылған.

 

Шығыс Қазақстан облысы