Оқиға • 20 Қараша, 2024

Мәжілісмен барлық рұқсат бланкілерін дереу электронды форматқа көшіруді ұсынды

75 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Ақ жол» партиясы Фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктерді халықаралық тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерінің жасанды тапшылығы туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілісмен барлық рұқсат бланкілерін дереу электронды форматқа көшіруді ұсынды

Фото: Ашық дереккөз

Депутаттың пікірінше, шетелдік рұқсат бланкі – бұл тасымалдаушыларға жүктерді шет мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалдауға мүмкіндік беретін қатаң халықаралық есеп беру құжаты.

«Қатаң есептілік бланкілерін ашық сату – халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел бұзу болып табылады. Алайда, мұндай құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделмеген. Тек субъектінің санатына байланысты 25 – 45 айлық есептік көрсеткішті құрайтын әкімшілік жауапкершілік. Бұл жауапкершілік 3690 теңгеге алынған бланкіні, 1000, 2000 АҚШ долларына сататын алыпсатар үшін кедергі емес», деді С.Ерубаев.

Оның айтуынша, алаяқтар, мүмкіндігінше көп бланкілерді алу үшін, бір күндік компаниялар тобын құрады.

«Жыл басында, шетелдік бланкілерге қойылған барлық квотаны алып қояды, ал адал кәсіпкерлер олардан жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр. Салдарынан жылдың соңында, пайдаланылмаған квоталар кері қайтарылып, ал жүктер шетелдік тасымалдаушылардың еншісіне кетеді», дейді депутат.

Сондай-ақ депутат биылғы жылдың шілде айында, бланкілерді қайта сатумен алаяқтық жасауға тосқауыл қою ретінде ережеге өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Егер бұрын, бос бланкілер 100 күн мерзімге берілген болса, кәзіргі уақытта ол мерзім 30 күнге қысқартылды және шетелдік бланкіде заңды немесе жеке тұлғаның атауы көрсетілуі тиіс. Алайда, автотасымалдаушылардың айтуынша Халыққа қызмет ету орталықтары әлі де бос бланкілерді беріп жатыр.

Депутат шын мәнінде енгізілген өзгерістер айтарлықтай әсер етпегенін тілге тиек етті.

Серік Ерубаевтың айтуынша Үкімет бұл бланкілерді беруді реттеумен тасымалдаушыларға тәртіпті сақтауға және жергілікті кәсіпкерлер өздеріне алынған шетелдік рұқсат бланкілерін өз компанияларының мақсатына сай пайдалануға ықпал етуі тиіс.

Депутат сауалын қорытындылай келе, келесілерді ұсынды.

«Тиісті бақылау мен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, барлық рұқсат бланкілерін дереу электрондық форматқа көшіру қажет. Бланкілердің берілуін және пайдаланылуын бақылау үшін, бірыңғай деректер базасын құру мақсатында, салық аударымдарын тексеру арқылы Қаржы министрлігін шетелдік бланктерді беру жүйесімен біріктірілсін. Белгіленген 30 күн мерзімде бланкілерді пайдаланбағаны үшін қатаң бақылау қарастырылсын. Заңды немесе жеке тұлғаның атауын көрсетпей шетелдік рұқсат бланкілерін беруге тыйым салынсын. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бос бланкілерді беру фактілері тексеріліп, қажет болған жағдайда, тиісті лауазымды тұлғалар заңнамада көзделген жауапкершілікке тартылсын», деді Серік Ерубаев.