31 Қаңтар, 2015

Жеңістің жеңісі

913 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
avtoОйдың иірімін бояу тілінде сөйлету арқылы өзінің қолтаңбасын қалып­­­тас­­тырған Жеңіс Кәкенұлы жақында Американың Нью-Йорк қаласында өт­кен ха­­лықаралық конкурста «Қала пей­за­жы» ата­лымы бойынша «Алтын қыран» атты бас жүлдені жеңіп алып, Қа­зақ елі­нің­ тағы бір мәртебесін өсірді. Оның абы­­ройын асырған Арқа төсіндегі Есіл өзе­нінің екі жағында бой көтерген көрік­ті Астанамыздың көз тартатын әсем ғима­рат­­тарын алуан түрлі айшықты бояулармен ажарын ашқандығында жатқаны анық. Халықаралық деңгейде өткен бұл өнер сайысына әлемнің АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Қытай, Жапония, Израиль, Өзбекстан, Қырғызстан, өзге де мемлекеттердің 1500 суретшісінің арасынан топ жарып шығу екінің біріне бұйыра бермейтін бақ екені белгілі.  Осы тұрғыдан келгенде Жеңістің бұл жеңісі оның талантын танытып қана қоймай, қарым-қабілетінің де мықты екенін дәйектесе керек. Ол бұған дейін де талай өнер жарысында өзін таныта білген. Кейбір туындылары өзге мемлекеттердің мұрағаттарына қабылданып, орын алған. Еселі еңбегін, шығармашылық жұмысын таныту үшін талантты суретші отандық және дүниежүзілік деңгейде елуге жуық көрмесін, әлденеше рет шығармашылық кештерін өткізіп, жұрттың ілтипатына бөленгенін де айта кетсек дейміз. Ол тек суретші ғана емес, ұшқыр ойдың қарымымен буырқанған бояуларды көркем тілде сөйлетіп жүр. Өнерлі азаматтың қаламынан туған «Ақ зер» атты кітабынан алар тағылым, үйренер үлгі аз емес. Қазақ жұртының мерейін асырған Жеңістің жеңісі тәуелсіз жұртымыздың тағы бір елеулі сәті деуімізге болады. kala1 kala3 ОБ окыганда Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар