Қарағандыда мектеп жасындағы оқушы қыз шетелдік қымбат машиналардың бірі – Lexus көлігін мініп жүр деген хабарды ақпарат кеңістігінен байқап қалып, алғашқыда: «Осы жұрт не болса, соны жазып басты қатыратыны несі? Онда тұрған не бар?» деп аздап кейістік танытқанбыз. Бірақ сәлден кейін бұл хабардың интернетке босқа жарияланбағанын сезе қойдық. Өйткені, «Оқушы қыз машина мініп жүр» деген сөздің мәнісі басқада екен. Дәлірегі, ол заңды құқығы болмаса да көлік жүргізген. Оның қашаннан бері «шопыр» болып жүргенін өзі не жанындағы жақындары айтпаса, бір Алла ғана біледі.
Бұл «сенсацияның» жариялану тарихына келер болсақ, жас қыздың осы әрекетін әлдекім бейнекамераға жазып алып, нәтижесінде «қызықты фильмді» кең құрсақ ғаламторға орналастырған. Бейне материалда көрсетілгендей, оқушы қыз көліктің артқы орындығына сөмкесін қойып, өзі жүргізуші орнына отырады. Бұдан кейін көлікке баласын көтерген әйел келіп, «шопырдың» қасына жайғасады. Одан арғысы белгілі. Қыз бала көлікті оталдырып, машиналар ағылып жатқан көшеге беттеген.
Осыған байланысты Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі арнайы түсінік берді. Полицейлердің айтуынша, көліктің иесі анықталып, ол заңнама аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
Иә, ештеңе бүлінген жоқ. Бірақ әлі буыны қатпаған жас жеткіншекті қандай жағдай рөлге отыруға мәжбүр етті екен? Ол – бала. Көп нәрсенің байыбына бара бермейді. Бірақ үлкендер жағы не қарап отыр? Кәмелет жасына толмаған жалғыздарына «асау» көліктің тізгінін ұстатып, ақырында өмір бойы санасынан бір сәтке өшпейтін, жүрегіне қанжардай қадалған қайғыға тап болғандар аз ба? Ойланатын мәселе.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10