Күні кеше бельгиялық Julien Jaffres деп аталатын топ «Қамажайды» өз репертуарына енгізіп, оны еуропалық мәнермен ойнап шыққаны туралы хабар ақпарат кеңістігінде желдей есті. Мұны естіген бойда біз де Еуропа мен Америкаға танымал әлгі ұжымның халық әнін қалай орындағанын естуге асығып, интернет желісіне жүгіндік. Расында, олар әсем туындыны еуропалық нақышқа келтіре отырып, екі гитара, скрипка, волынка (үрлемелі аспап), барабан аспаптары көмегімен тәп-тәуір орындапты. Әрине, кәсіби музыкант емеспіз, сонда да болса айтайық, Julien Jaffres тобының келтірген мақамы жүрекке жылы тиіп, құлаққа жағымды естілді. Бәлкім, бұл қазақы ортаға белгісіздеу шетелдік өнерпаздардың «Қамажайды» лайықты бағалағанына разы болғандықтан туындаған сезімнің әсері шығар.
Julien Jaffres тобының мүшелері қазақстандық телеарналардың біріне берген сұхбатында аталған халық әнін неліктен таңдағандарын түсіндіріп беріпті. Ұжымның бас гитарашысы Седрик Ватерсукттың айтуы бойынша, «Қамажай» әні қазақ халқының тарихында, мәдени өмірінде ерекше орын алады. Сондықтан олар атақты туындыны өз репертуарларына қосқан.
Бельгиялықтар әнді орындамас бұрын интернет арқылы көп ізденіпті. Олар бұл композицияның қалай шырқалатынына баса назар аударған. Ал мұның нәтижесіне өзіміз куә болып отырмыз. Енді бұл топ оны қазақ әншісімен бірге орындағылары келетінін жеткізіпті.
Жалпы, әлемнің қазақ өнеріне деген ықыласы күн өткен сайын артып келеді. Оның жарқын мысалдары өте көп. Ал ұлттық шығармаларымызды шетелдіктердің орындауы сирек кездесетін жағдай. Сондықтан да, дархан даламыздың өзегінен жарып шыққан әндеріміз бен күйлерімізді, билерімізді ділі, болмысы, тілі бөтен ұлт өкілдері орындап жатса, мақтанып, марқайып, мерейленіп қалатынымыз рас.
Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын Бельгия әншісі Вим Роланд Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқаған болатын. Ал жақында қазақ композиторы Абай Бегейдің «Аспанға қараймын» әнін Кубаның беделді тобы өз оранжировкаларымен орындап, әнсүйер қауымды тағы бір мәрте дүрілдетіп тастап еді. Енді оның қатарына, міне, «Қамажай» да қосылып отыр.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Бельгиялықтар орындаған «Қамажай» әнін газет сайтындағы мақаланың бейнетіркемесінен тыңдай аласыздар
http://youtu.be/k9tl9Bgrkc8

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10