Өткен аптада Атырауда 22 оқушы мен мектептің бір қызметкерінің уланғанын хабарлаған едік. Енді арада бір апта өтпей, тағы да бес адамның улану дерегі тіркелді. «Қазпошта» акционерлік қоғамы Атырау филиалында жұмыс жасайтын әйелдің уланғаны анықталып отыр. Сәрсенбі күні түс ауа пошта қызметкерлері «жедел жәрдем» қызметінің көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілген. Әзірге белгісіз заттан уланған пошташылар алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар және жедел әрекет ету, құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізді. Түрлі зерттеулер үшін ауадан сынамалар алынды. Бірақ әзірге пошташылардың улануына не себеп болғаны белгісіз.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.