31 Қаңтар, 2015

Күн тәртібі нақтыланды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Депутаттар қарауына Өзбекстан мемлекетімен  Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша грант туралы келісімді, сонымен қатар, Халықаралық валюта қоры келісімінің баптарына түзетулерді ратификациялауға қатысты үш бірдей ратификациялық құжат енгізілмек. Ал, палатаға Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қо­сарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет­тердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялауға байланысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау ұсынылып отыр.