Үкімет • Кеше

Қазақ тілі – мәдени құндылық

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Қазақ тілі – мәдени құндылық

Мәжілістің қарауына бірінші оқылымда депутаттар бастама­шы болған «Пошта туралы» заңға өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу ұсынылды. Бұл өзге­рістер пошта байланысы нары­ғын дамытуға, пошта жөнел­тілімдерін жеткізу механизм­дерін жеңілдетуге және жетіл­діруге, поштоматтарды орналас­тыру тәртібін нақтылау мен пошта сала­сындағы уәкілетті орган­ның қызметін жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар Мәжіліске депутаттар әзірлеген «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі тағы бір заң жобасын талқылау ұсынылады. Құжатта қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау және қорғау бо­йынша бірқатар заңнамалық шараны қабылдау көзделген. Сондай-ақ жастардың ғылыми және білім беру әлеуетін ынталандыруға бағытталған нормалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институтын реттеу мәселелері енгізілген.

Мәжіліс күн тәртібінің жобасында дипломатиялық қызмет мәселелері жөніндегі заң жобалары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер арасындағы Иранмен және Сингапурмен еркін сауда туралы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары бар. Екінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ оларды Конституция нормаларына сәйкестендіру мәселелері бойынша түзетулерді талқылау ұсынылады.