Спорт • Бүгін, 11:00

Спортшылардың өткен аптадағы жарқын жеңістері

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сала министрілігі өткен аптаға шолу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортшылардың өткен аптадағы жарқын жеңістері

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Шахмат: Италияның Монтесильвано қаласында кадеттер арасындағы (U8-U12) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өкілдері 2 алтын, 1 күміс жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.

Конькимен жүгіру: Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Бадминтон: Bahrain International Series II 2024 (Бахрейн) турнирінде Дмитрий Панарин – Айша Жұмабек жұбы үздік шықты. Оған қоса, Д.Панарин жекелей сында қола медаль иеленді.

Теннис: Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасындағы ITF J500 турнирінде Әмір Омарханов жеңімпаз атанды. Ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен жұп құрап, финалда чехиялық Петр Брунлик пен ұлыбританиялық Чарли Робертсонды тізе бүктірді – 6:4, 6:1.

Футзал: Хорватияның Загреб қаласында футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде «Қайрат» командасы B тобында бірінші орынға ие болып, «Төрттік финалға» жолдама алды.